Кенен Әзірбаев орта мектебінің тарихы
К.Әзірбаев атындағы орта мектебі 1977жылы салынған. 1961 - 1962 жылы туған оқушылар Абай ауылындағы орыс-қазақ Чернышевский атындағы мектепте оқып жүрген, 1977жылы жаңадан ашылған мектептен 10сыныпты бітіріпген. Алғашқы түлектері К.Әзірбаев атындағы орта мектебінің алғашқы түлектері болып алтын әріппен жазылған екен. 1971жылы туылған оқушылар 1977жылы 1сыныпқа қабылданды. 1992-1993оқу жылынан бастап мектеп таза қазақ мектебі болды. Мектебіміздің даму жолында еңбегі сіңген ұстаздарымыз, елге елеулі болған түлектеріміз жетерлік. Мектептің сапалы білім мен тәлімді тәрбие беру басшылыққа тікелей байланысты. Осы жолда еңбек еткен басшыларымыз: Мамыров, Недостоев, Құрманбаев, Сәбденов, Қасенов, Хатиетова, Дауренбаева, Әзімбаев. 2011 жылдан бастап мектебімізді басқарып отырған басшымыз Абдиева Динагул Талдыбаевна.